Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Дәулеті тасыған Астананың іргесіндегі оралмандардың кедей ауылы
2 желтоқсан 2008 жыл, 15:04
Қоянды ауылы Астанадан 20 шақырым жерде 2004 жылы орын тепкен болатын.
Фотокөрме - Гүлбану Әбенова, Азаттық радиосы.
1
Қоянды ауылы Астанадан 20 шақырым ғана жерден 2004 жылы орын тепкен еді. Фотокөрмені түсірген -Гүлбане Әбенова, Азаттық - Қоянды ауылы Астанадан 20 шақырым ғана жерден 2004 жылы орын тепкен еді. Фотокөрмені түсірген - Гүлбану Әбенова, Азаттық
2
Мұнда әлемнің 9 елінен атажұртына оралған 810 отбасы тұрады. Олардың көпшілігі әлі күнге тұрмысын түзей алар емес. - Мұнда әлемнің 9 елінен атажұртына оралған 810 отбасы тұрады. Олардың көпшілігі әлі күнге тұрмысын түзей алар емес. Желтоқсан, 2008 жыл
3
Байлардың еңселі сарайларының көлеңкесінде Қытай мен Моңғолиядан келген оралмандардың лашықтары да көзге шалынады. - Байлардың еңселі сарайларының көлеңкесінде Қытай мен Моңғолиядан келген оралмандардың лашықтары да көзге шалынады.
4
Қояндыдағы 149 отбасы биліктің рұхсатынсыз қоныстанған, олардың кейбірі киіз үйді баспаналап отыр - Қояндыдағы 149 отбасы биліктің рұхсатынсыз қоныстанған, олардың кейбірі қара суықта да киіз үйді баспаналап отыр. Салынған үйлерді билік заңсыз деп тапқан, енді сот шешімімен олар бұзылуға тиіс.
5
Әр үйдің жанынан осындай құдық қазылған. СЭС құдықтан малды суғаруға да тыйым салған. Бірақ бұл суды адамдардың өздері д - Әр үйдің жанынан осындай құдық қазылған. СЭС құдықтан малды суғаруға да тыйым салған. Бірақ бұл суды адамдардың өздері ішуге мәжбүр.
6
Алданып қалған көптің бірі - Күлшат Әбинұр. Алаяқтар 1 мың долларға оған жер учаскесінің құжатын сатқан. - Алданып қалған көптің бірі - Күлшат Әбинұр. Алаяқтар 1 мың долларға оған жер учаскесінің құжатын сатқан. Кириллица әрпін танымайтын оралмандар жалған құжатта не жазылғанын оқып, ажырата да алмайды.
7
Бақытбек Төлеу үш жыл бұрын Қытайдан келіпті. Ол да алаяқтарға жем болып, әкімдіктің "делдалдарына ол 5 мың доллар берг - Бақытбек Төлеу үш жыл бұрын Қытайдан келіпті. Ол да алаяқтарға жем болған. Әкімдіктің "делдалдарына ол 5 мың доллар берген. Үш жыл бойына жекеменшік көлігімен Қытайдан көшкен оралмандардың 20 шақты отбасын жүгімен күшіріп әкелген. Енді олардың көпшілігі бізді қайта апарып таста дейтін көрінеді.
8
Ерғабыл- компьтердің тілін біледі, әйелі ағылшын тілінің мұғалімі. Бірақ олардың дипломы мұнда жарамсыз деп танылған. - Ерғабыл- компьтердің тілін біледі, әйелі ағылшын тілінің мұғалімі. Бірақ олардың дипломы мұнда жарамсыз болғандықтан Ерғабыл базарда жұмыс істеп жүр, мұғалім келіншегі үйде отыр. Осында туған баласына Жалғас деп ат қойыпты. Баламның есімін ұрпағымыз енді атажұртта жалғассын деген мақсатпан осылай атадым дейді ол. Ерғабылдың да үйін билік бұзғалы отыр.
9
85 жасар Бәтима Төлепбергенова Қазақстанда, Қарағанды облысында дүниеге келген. Әкесін ұстап әкеткен кезде, атасы бес жа - 85 жасар Бәтима Төлепбергенова Қазақстанда, Қарағанды облысында дүниеге келген. Әкесін ұстап әкеткен кезде, атасы бес жасар немересі Бәтиманы атына міңгестіріп алып, Қытай асып кеткен екен. Атасы жат жерде көзі жұмылар алдында туған жерге оралу туралы аманат қалдырыпты. Қартайған шағында атасының сол аманатын орындау үшін Бәтима атажұртқа оралған болатын. Кейуананың үш ұлы мен төрт қызы бар. Олардың бәрі өз отбасыларымен Қытайда тұрады, үйлері, жұмыстары бар. Қария туған жерге ең кенжесі Бәкірді келіншегі Ләззат пен екі немересімен алып келген. Туған жердің дәмі тартқан Бәтима әже мүгедек арбасында отырса да, кеудесін сүйретіп жеткен екен. Өз үйінің бұзылатындығын естіген Бәтима әже: Бұл үйді менімен қоса күреп тастасын, осы отырған орнымнан қозғалмаймын" деп кесіп айтқан. "Осы үйдің үйіндісінің астына көміңдер. Мен еліме сүйегім осында қалсын деп келді
10
Оралмандардың көпшілігі үйдің іргетасын жай тастардан қалай салған. Билік осындағы ондаған үйді күреп тастамақшы. - Оралмандардың көпшілігі үйдің іргетасын жай тастардан қалай салған. Билік осындағы ондаған үйді күреп тастамақшы.
11
Жаз бойына оралмандар өз лашықтарын қолдарымен тұрғызып жатқанда билік қой деген жоқ. Қыс түскенде қозғалды. - Жаз бойына оралмандар өз лашықтарын қолдарымен тұрғызып жатқанда билік қой деген жоқ. Тек Арқаның аязы қыса бастаған шақта ғана әкімшілік үйлер заңсыз салынған дегенді желеу етіп, баспаналарды бұзатындықтарын жариялаған.
12
Хабарландыруда "мұнда көңіл көтеретін орталық пен әкімдік ғимараты салынады" деп жазылған. - Хабарландыруда "мұнда көңіл көтеретін орталық пен әкімдік ғимараты салынады" деп жазылған. "Басқа ешқандай құрылыс жүргізілмейді, құрылыс материалдарын әкелгендерге айып салынады деп ескертілген.
13
Күлшаттың күйеуі кірпіш шығаратын бұл станокты Қытайдан әкеліпті. Бірақ ол бес айдан бері қаңтарылып тұр. - Күлшаттың күйеуі кірпіш шығаратын бұл станокты Қытайдан әкеліпті. Бірақ ол бес айдан бері қаңтарылып тұр. Электр желісіне қосу үшін әкімшілік 840 мың теңге талап еткен.
14
Күлшаттың үйінің сыртқы көрінісі. - Күлшаттың үйінің сыртқы көрінісі
15
Ал мынау Күлшаттың үйінің ішкі көрінісі. - Ал мынау Күлшаттың үйінің ішкі көрінісі.
16
Қоянды ауылындағы мектеп. Оралмандардың кейбірі балаларын оқуға қайыра Қытайға жіберуге мәжбүр болғандықтарын айтады. - Қоянды ауылындағы мектеп. Оралмандардың кейбірі балаларын оқуға қайыра Қытайға жіберуге мәжбүр болғандықтарын айтады.
17
Бұл мектепте жаңа, жас ұрпақ білім алуда. Мүмкін олардың болашақтары ата- аналарыныкінен гөрі жақсырақ болар?! - Қалай болғанда да бұл мектепте жаңа жас ұрпақ білім алуда. Мүмкін олар өз болашақтарын ата- аналарынан гөрі жақсырақ, жарқынырақ құра алар, кім білсін!? Қоянды ауылы, 1 желтоқсан. Фотокөрменің ауторы Гүлбану Әбенова, Азаттық радиосы.
Дәулеті тасыған Астананың іргесіндегі оралмандардың кедей ауылы
Ұқсас
Алматының ортасындағы ұмыт қалған көше тұрғындарының зары…
Қазақстандағы орта таптың пайыздық көрсеткіші ресми және ресми емес жіктеуге байланысты құбылып отырады
«Красный трудовик» тұрғындары үйлері үшін де, балалары үшін де үрейленіп отыр
Көктем шыға Астананың жанындағы Қоянды ауылынан береке қашып, халқы үрей құшағына енді
Билік Астана іргесіндегі оралмандар ауылындағы 140 үйді бұзып тастамақшы
Қазақстанда халық саны көбейгенімен, демогра- фиялық ахуал нашарлап отыр
«Қазақстанға қайтып келгенімізге өкінеміз» дейді оралман әйел
Қазақ парламентінің алды әлеуметтік наразылық алаңына айналып барады
Астанадан 20 шақырым жерде тұратын жұрт су мен электр жарығына зәру
XS
SM
MD
LG