Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ринат Ахметовтің достары мен қастары
14 сәуір 2014 жыл, 08:52
Украинда ықпалды достарсыз зор дәулетке ие бола алмайсың. Бірақ миллиард жолында қас-дұшпаннан ада болуың да мүмкін емес. Украинаның ең бай адамы – олигарх Ринат Ахметовтің досы мен қасы кімдер?
1
Бір кездері бұлар ынтымағы жарасқан серіктестер еді. Ахметов Виктор Януковичтің негізгі саяси демеушісі саналатын. Қаржылай қолдау көрсеткеніне қайтарым ретінде ол мемлекеттік тендерлер мен жекешелендіруге қатысты тиімді келісімдерге қол жеткізді. 2006 жылы түсірілген мына суретте Донецк қаласының тумалары Ахметов пен Янукович миллиардердің меншігіндегі «Шахтер» футбол клубының жеңісіне арналған шарада тұрған сәті бейнеленген.
2
Виктор Януковичтің ұлы Александр Ринат Ахметовке жақын адамдардың бірі болатын. Кейін әкесі президенттік биліктен кетіріліп, бизнесменнің оған көңілі суыған соң, Александр Янукович сотқа Ахметовтен бір миллиард гривенге жуық (75,5 миллион доллар) ақша өндіріп алуды сұрап талап арыз түсірді.
5
2004 жылы құны 8000 миллион долларға бағаланған «Криворожсталь» кәсіпорнын сату туралы Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучманың күйеу баласы Виктор Пинчук пен Ринат Ахметов жасасқан мәмілені бұзған соң Юлия Тимошенко Ахметовтың дұшпанына айналды. Қазір енді кандидат ретінде президенттік сайлауға түсіп жатқан Тимошенко бұрынғы райынан қайтқан сыңайлы. Ол өткен аптада Донецкіге сапармен келген кезде Ахметовпен кездесіпті-міс деген сөз тарады.
6
Жоғарғы Рада депутатының мандатына ие болғанымен Ахметовтің саяси ұстанымы туралы пікір білдіруі өте сирек. Ал соңғы уақытта ол Донецк облысындағы атқарушы билік құрылымында жұмыс істеуден бас тартты. Донецк облысы губернаторы қызметіне ол Тимошенконың одақтасы Сергей Тарутаны ұсынды. Суретте: Сергей Тарута (оң жақта) Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге. Донецк, 22 наурыз 2014 жыл.
8
Янукович биліктен кетірілген соң Аймақтар партиясы қиын жағдайда қалды. Ахметов қолдау танытып келген партия 25 мамырда өткелі отырған президенттік сайлауға лайықты үміткер шығара алмады. Партия қазіргі уақытта үстінен қылмыстық іс қозғалған Харьков облысының бұрынғы губернаторы Михаил Добкинді кандидат етіп ұсынды.
9
Аймақтар партиясының тағы бір мүшесі миллиардер Вадим Новинский Ринат Ахметовтің жақын саяси кеңесшісі саналады. Ахметовтің «Метинвест» компаниясында оның да үлесі бар. Ресей тумасы, 2012 жылы Украина азаматтығына ие болған Новинский елдегі нағыз ресейшіл саясаткерлердің біріне айналып отыр.
Ринат Ахметовтің достары мен қастары
XS
SM
MD
LG