Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Eurovision даулары
1 мамыр 2014 жыл, 16:43
Eurovision халықаралық ән байқауын телеарналар арқылы жылына бір миллион адам көреді. Алайда көрермен назары әндерден гөрі жыл сайын шығып тұратын дауларға бұрылып кетеді.
1
"Буранов апалары" аталып кеткен әйелдер 2012 жылғы байқауда ел ықыласына бөленген еді. Бірақ "апалардың" кейбірі биыл Қырымды қосып алған Кремльге өнер қайраткерлері жазған қолдау хатқа қосылды.
2
2014 жылы Eurovision байқауына Армениядан қатысқан әнші Aram Mp3-тің австриялық сақалды трансвестит Кончита Вурстың атына айтқан жаман сөзі жанкүйерлер ашуын тудырды. Aram кейіннен жария түрде кешірім сұрады.
3
2013 жылы Eurovision (Мальмо, Швеция) финалына әзербайжандық әнші Фарид Мамедов (оң жақта) шықты. Швеция оны "дауыстарды сатып алды" деп айыптады. Бұл даудан кейін ұйымдастырушылар іріктеу жүйесін жетілдіру үшін байқауға қазылар алқасын енгізді.
4
Eurovision әншілері байқау кезінде саяси мәлімдемелер жасамауға келіскен. Алайда 2012 жылы Бакуде өткен байқау кезінде Швед әншісі Loreen Әзербайжан белсенділерімен жолығып, кейін Беларуське саяси тұтқындармен кездесуге аттанды.
5
2012 жылғы байқау кезінде белсенділер Eurovision-ді Әзербайжандағы адам құқықтары ахуалына әлем назарын аударатын құрал ретінде пайдалануға тырысты.
Суретте: жай киім киген полицей Әзербайжан қоғамдық телеарнасының ғимараты жанында қоғамдық белсендіні ұстап жатыр.
6
Әзербайжан 2012 жылы Eurovision байқауын өткізуге жүздеген миллион доллар жұмсады деген ақпарат бар. Мәселен, Бакуде байқау өткен Crystal Hall сарайы жаңадан салынды. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы сарай салатын орынды босату үшін 20 мың тұрғынның баспаналары күреліп, өздері күштеп көшірілгенін мәлімдеді.
7
Сарапшылардың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин байқау Мәскеу қаласында өткенде (2009), бұл шараны "Ресейдің ұлттық абыройын" насихаттауға пайдалануға тырысты.
Суретте: Путин Әзербайжан әншілері Араш (ортада) пен Айсельді (оң жақта) құттықтап тұр.
8
2009 жылы Грузия тобы Stefane & 3G байқаудан шеттетілді. Олардың "We Don't Wanna Put In" деп аталатын әні Ресей президенті Путинді мұқату ретінде бағаланды.
9
2007 жылы Хельсинкиде өткен Eurovision байқауында Украина әншісі Верка Сердючканың "Dancing Lasha Tumbai" әні ресейліктер наразылығын тудырды. Наразылар оны "lasha tumbai" сөзін "Russia goodbye" деп өзгертіп айтты, біз оны анық естідік" деп айыптады. Сердючка оны жоққа шығарды.
10
Eurovision халықаралық ән байқауының "көршілерге дауыс беру" дәстүрінен кейде дау шығып жатады. 2007 жылы орыс ұлты өкілдері Эстония астанасы Таллинде екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ескерткіштің көшірілуіне байланысты тәртіпсіздік ұйымдастырды. Алайда бірнеше аптадан кейін Эстония көрермендері ресейлік әншіге ең көп - 12 ұпай дауыс берді.
11
Ал Армения мен Әзербайжан бір-біріне дауыс бермей келеді. Мәселен, Армения әншісі Андре 2006 жылы Eurovision байқауына қатысты. Ол Әзербайжан мен Түркияда наразылық тудырды. Өйткені Андре жарнама ролигінде Осман империясының армяндарға қырғын жасағанынын "көрсеткен" еді.
12
2009 жылы Әзербайжан билігі Армения әншілері Инга мен Анушқа дауыс берген 40 шақты азаматты тергеді. Мәселен, Ровшан Насирли тергеушілердің "ұлттық намысың жоқ" деп сөгіп, "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді" деген айып таққанын айтады.
13
Украина тобы GreenJolly-дің "Біз біргеміз" әні 2004 жылы осы елде болған сарғылт-қызыл революцияның бейресми гимніне айналған еді. 2005 жылы байқауға қатысқан бұл топ сахнаға осы әнді алып шықты. Бұл Ресейде наразылық тудырды.
14
Кейбір әншілер Eurovision байқауының шектеулерін түрлі тәсілдермен айналып өтеді. Мәселен норвегиялық әнші Виг Вам 2005 жылғы байқауда Украинаны қолдайтынын білдіру үшін сахнаға сарғылт-қызыл ту алып шықты.
Eurovision даулары
XS
SM
MD
LG