Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Алматыдағы атыс күнгі суреттер
19 шілде 2016 жыл, 08:19
Мәншүк АСАУТАЙ
Азаттық радиосы
18 шілде күні Алматыда Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы (ІІБ) мен ҰҚК департаменті ғимараттарына шабуыл жасалды. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) ақпараты бойынша, шабуылды жалғыз адам жасаған. ІІМ бес адамның қаза тапқанын хабарлады.
1
Алматыдағы ІІБ және ҰҚК департаменті ғимараттарына жасалған шабуылдан кейін қалада террор қаупінің "қызыл деңгейі" жарияланды. Алматы ішкі істер департаменті (ІІД) "антитеррорлық операция" жүріп жатқанын хабарлады. .
2
Атыстан кейін Алматыда қылмыскерді ұстау операциясы басталды. ІІБ аумағы қоршауға алынды. Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде атыс дыбысын естігендерін жазды.
4
ІІД қала тұрғындарына ғимараттардан шықпауды, көп адам жиналатын жерлерге бармауды, күдікті адам көрсе хабарлауды ескертті. Түстен кейін Алматыда почта бөлімдері, кейбір банктердің филиалдары, базарлар мен сауда орындары жабылды.
5
Кейінірек ІІМ күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов оқиғаның қалай болғанын мәлімдеп, шабуылды
бір адам жасағанын
айтты. Оған дейін полиция екі күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді. Қасымовтың айтуынша, екінші адам - қару кезеген қылмыскерді еріксіз тасыған жүргізуші.
6
ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында ұсталған күдіктінің аты-жөні Руслан Күлекбаев екенін, 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келгенін айтты. ҰҚК ақпараты бойынша, күдікті соңғы уақыттары Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауданында тұрған. Ұялы телефон сатқан.
7
18 шілде кешке Алматыға ұшып келген ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов күдікті полиция басқармасына шабуылда кек алу үшін жасағанын айтқанын хабарлады.
8
Атыс болған Абылайхан-Қазыбек би көшесінің қиылысында полиция оқиға орнына тексеріп жатыр.
9
18 шілде күні Алматыда жарияланған террорлық қауіптің «қызыл» (жоғары) деңгейі «сарыға» (орташа) ауыстырылды.
10
Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, атыстан кейін ауруханаларға сегіз адам жеткізілген. Олардың жағдайы нашар деп хабарланды.
11
Жедел жәрдем ауруханасына - бес, қаланың орталық клиникалық ауруханасына - екі, Сызғанов атындағы хирургия орталығына бір адам жеткізілген.
12
Жедел жәрдем ауруханасы ғимараты алдына қарулы күзет қойылды. Пациенттердің туыстарын бөлек есіктен мұқият тексеріп кіргізді.
13
Жедел жәрдем ауруханасы ғимараты алдында журналистер сағат 11-ден 18-ге дейін тұрды. Олар атыстан кейін жеткізілген адамдар туралы сұрағанымен, БАҚ өкілдеріне ешкім шықпады.
14
Журналистерді ауруханаға кіргізбеді.
15
Түстен кейін жедел жәрдем ауруханасына ақ көлік келді. Көліктен түскен кісілерге полиция қызметкерлері көңіл айтып жатты.
16
Жедел жәрдем ауруханасына Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары, депутат Зәуреш Аманжолова келді. Ол "бауырым қаза тапты" деді. Полиция қызметкерлері оған көңіл айтты.
17
Ауруханаға келген кісілердің ішінде бір әйел күйеуінің жан сақтау бөлімінде жатқанын айтты. Аты-жөнін айтпаған әйел күйеуіне мойнынан оқ тигенін, операция жасалып жатқанын баяндады.
18
Қазақстан президенті Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында оқиғаны теракт деп атады. Ол «қауіпсіздік органдарының қылмыскерлерді анықтайтынын, мақсаттары не болғанын тексеретінін» айтты.
Алматыдағы атыс күнгі суреттер
XS
SM
MD
LG