Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
"Спирт орнына спорт". Совет одағындағы ішімдікке қарсы плакаттар
4 қаңтар 2020 жыл, 14:31
Совет одағы 1920 жылдан бастап 1980 жылға дейін ішімдік тұтынуды қысқартуға үндейтін түрлі плакаттар шығарды. Бірақ одан нәтиже шықпады.
1
1930 жылғы советтік ішімдіктерге қарсы плакат. Ішімдік «мәдени төңкерістің жауы» деп аталды.
2
1929 жылғы плакат. Пионер сөздегі бір әріпті түзетіп, «спирт» сөзін «спортқа» өзгертіп жатыр. Осы жылы Совет үкіметі сыраханалар мен ішімдік сататын орындарды жаппай жабуға тапсырма берді.
3
1929 жылы басылған плакат. «Қара кассадан жалақы алатындарға масқара!» деп жазылған. Жұмыс тәртібін бұзған адамдар жалақасын «қара кассадан» алған. Жазбаға қарағанда алкогольге тәуелділік жұмыс өнімін төмендетіп, авторлардың бес жылдық жоспарды орындауға алаңдағаны байқалады.
4
«Ішіп алды, ұрсысты, сындырды. Елдің бетіне қарау ұят». 1958 жылы алкогольге қарсы кезекті науқанда көптеген орында арақ сатуға тыйым салынды.
5
«Онымен қоймай, бізді шошқа дейді...». 1958 жылы басылған тағы бір плакат.
6
«Біздің салауатты тұрмысымызда алкогольге жол жоқ». 1959 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық ағарту институты осы плакатты 30 мың данамен таратты.
7
1959 жылғы плакатта ескерту жазылған: «Шетелдің тыңшылары ішуге құмартқандарды ерекше аңдиды».
8
«Бір тамшы да!» Бұл 1961 жылғы плакат.
9
«Жұмысшылар арасынан ішкіштерді қуайық!» 1966 жылғы плакатта ақын Владимир Маяковскийдің өлеңінен үзінді келтірілген. Кейіпкердің сол жағында - «неке», оң жағында – арақ бөтелкесі.
10
1972 жылғы плакатта жай ғана «Кеш болмай тұрғанда тоқта!» делінген.
11
«Ұжымдық ойын-сауықты доғаратын сәт келді!» 1972 жылғы алкогольге қарсы науқан уытты сусындар өндірісін қысқарту жоспарымен сәйкес келді. Осы кезде шарап, сыра және алкогольсіз сусындар өндірісі ұлғайды. 1970 жылдардың соңында алкоголь тұтыну мөлшері ел тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті.
12
«Жалқау мен арақ – масқара жұп!» Бұл 1981 жылы Украинда басылған плакат.
13
«Анам да мені жақсы көрмейді». Бөтелкеде «Вино» деп жазылған. 1982 жылғы плакат.
14
1983 жылы басылған плакат.
15
Бұл плакат банкідегі қызанақ сусыны арақ бөтелкесіне жойқын соққы жасап жатыр. 1985 жылы Совет лидері Михаил Горбачев алкогольге біртіндеп тыйым салатын кең көлемді науқан жариялап, «құрғақ заң» қабылдады. Ішімдік бағасы өсті, ал сатуға қатаң тыйым салынды.
16
1985 жыл. «Маскүнемдік пен қылмыс арасы бір-ақ қадам».
17
Бөтелке «Ақ шарап» деген жазуды «Табиғи шырын» деп жазылған этикеткаға ауыстырып жатыр. Мәтін түзелуге, жаңаруға үндейді.
18
1985 жылы ішімдікке қарсы шығарылған плакат.
19
«Сізге «Столичныйдың» қабылдауына кіру үшін аурухана парағының қажеттігіне күмән бар». 1985 жыл.
20
«Оның рухани әлемі». 1987 жылы Украинада басылған плакат.
21
1988 жылы шыққан плакаттағы сөз «о дүниеге апаратын өткел» деген мәнде жазылған.
"Спирт орнына спорт". Совет одағындағы ішімдікке қарсы плакаттар
Ұқсас
Комсомолды жоқтатпайтын Орталық Азия
Алматыдағы "комсомолдар форумы" совет кезін еске салды
Орталық Азия Жеңіс күнін ресейлік реңктен арылта алмай келеді
Сабыр Рахимовтің ескерткішін орнына қайтармақ
«Октябрьдің» зұлматы мен шарапаты тең»
XS
SM
MD
LG