Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкент әйелдерінің бейнесі
7 наурыз 2015 жыл, 13:32
Азаттықтың "Ташкент қазақтары" сериясы бойынша түсірілген фотогалереялардың бірінде 8 наурыз мейрамына орай фотограф Умида Ахметова осы өлкедегі түрлі кәсіп пен түрлі жастағы қазақ әйелдердің портреттерін ұсынады.
1
17 жастағы паркенттік Мәдина
2
Жамбай ауылының тұрғыны Жанар. Жастай тұрмысқа шығып, екі балалы болған кезде күйеуінен көп зомбылық көріп, төркіні алып кеткен.
3
Жанардың қолындағы жүзік
4
21 жастағы Фируза үш жыл бұрын өзін бұрыннан танитын жігіті алып қашқанын айтады. Қазір Жамбай ауылында тұрады. Бір баласы бар, екіншісіне аяғы ауыр. Өзі Самасарак ауылынан. Домбыра тартуды әкесінен үйренген.
5
6
7
Гүлнәр Адбуназарова-Сейітмағанбетова. Өзі - Өзбекстанда туған қазақ, әке-шешесі Қазалыдан. Ташкентте жоғары оқу орнын бітірген әкесін жолдамамен жұмыс істеуге оңтүстік Өзбекстанға жіберген. Гүлнәрдің Ташкентте тұрып жатқанына 30 жылдан асыпты. Кезінде жоғарғы партия мектебін бітірген. Қазір экономикалық тақырыпқа жазатын журналист.
8
Екі ұлдың анасы, 26 жастағы Гүлнұр Дәулетова Паркентте тұрады.
9
74 жасқа шыққан паркенттік Өлмес апа бес қыз, үш ұл өсірген. Ұлдарының бәрі өзімен тұрады, үш қызын Қазақстанға ұзатқан.
10
11
Паркенттік 14 жастағы Әзима қолы оқудан босай қалғанда үй жұмыстарын атқаруға, ас пісіруге көмектеседі.
12
Гүлжамал Мілібаева - Ташкентте тұратын физик. Өзбек керамикасымен әуестенеді. Әкесі бала кезінде Шыршыққа көшіп, Таваксайдың қазақ қызына үйленген.
Ташкент әйелдерінің бейнесі
XS
SM
MD
LG