Қаламқас кеніші жұмысшыларына уәде берілді

Маңғыстау түбегіндегі Солтүстік Бозащы кеніші. (Көрнекі сурет).

Маңғыстау түбегіндегі Солтүстік Бозащы кеніші. (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысының Қаламқас кенішінде жөндеу жұмыстарымен айналысатын Oil Service Company (OSC) компаниясы жұмысшылар айлығын көтеру мәселесін 30 сәуірге дейін шешетін болды деп хабарлайды жергілікті lada.kz сайты.

12 наурызда жұмысшылармен кездескен компания өкілдері брифинг өткізген. Онда компания директорының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Тойлыбай Сатыбалдиев жұмысшылардың айлықты көбейту туралы талабын 30 сәуірге дейін шешуге уәде берілгенін айтқан. Бірақ компания жұмысшылардың қауіпсіздік қызметін алып тастау туралы талабын орындай алмайды.

Тойлыбаевтың сөзіне қарағанда, 30 сәуірге дейінгі уақытта компанияда жаңа төлем жүйесін енгізу бағдарламасы қабылданбақ.

Наурыздың 10-ында компанияның біраз жұмысшысы жалақыны көбейтуді талап етіп жұмысқа шықпай қойған еді. Бұдан соң компания басшылары жұмысшылармен кездесіп, наразылық танытқандар қайта жұмысқа шыққан.