Украинадағы соғыс басталғанда Мәскеуді қолдайтынын ашық білдірмеген Пекин енді шиеленістің негізгі себепшісі НАТО екенін айтып, оны жиі сынауға көшті. Сарапшылар Қытай әскери одақтың шығысқа қарай бет бұра бастағанынан қауіптеніп, НАТО мен АҚШ-тың Азияға ықпалына тосқауыл қойғысы келетінін айтады.
Украинадағы соғыс басталғалы Қытай Ресейді қолдайтынын ашық білдірмесе де, елдегі мемлекеттік баспасөз құралдары Кремльдің сөзін сөйлеген еді. Сарапшылар енді Қытай пропагандасы Украинаның да көзқарасын қамти бастағанын, бірақ көбіне АҚШ-қа қарсы бағытталғанын айтады.
Орталық және Оңтүстік Азия Украинадағы соғыстың зардабын тартып жатыр. Сарапшылар бұл Қытайдың аймаққа ықпалына да әсер етіп, Пекин Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен экономикалық бастамаларды қайта қарауы мүмкін дейді.
Азаттық радиосы Джорджтаун университетінің қауіпсіздік және жаңа технологиялар орталығының қызметкері Маргарита Конаевадан сұхбат алды. Ол Мәскеуге Украина жерін оккупациялау қаншалық қиынға соғатынын, Ресей әскер саны мен құрал-жабдықтың азаюынан қалай зардап шегетінін түсіндірді.
Ұлыбританиядағы Консервативтік партияның қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі, Article 7 консалтинг тобының бас директоры Гарван Уолш Батыстың әскери техникасы Украинаға қалай көмектесе алатынын, соғыстың ендігі кезеңі неліктен логистикаға байланысты екенін айтты.
Раффаэлло Пантуччи мен Александрос Петерсеннің "Синостан" кітабы жарық көрді. Онда авторлар Қытайдың Орталық Азияға ықпалын зерттеген.
Сарапшылар Пекин Мәскеуді қолдайтынын ашық білдірмей отырғанын, Ресейге салынған санкцияларды да назардан тыс қалдырмайтынын айтады. Азаттық тілшісі бірнеше сарапшымен сөйлесіп, Украинадағы соғыстан бір ай өткенде Қытай мен Ресейдің байланысы қалай өзгергенін анықтап көруге тырысты.
Украинадағы соғыс неліктен "Путин соғысы" деп аталады? Ресей бұл соғыста тығырыққа қалай тірелді? Майданда не болып жатқаны неге бұлыңғыр? Вирджиниядағы CNA талдауы орталығындағы әскери сарапшы Михаил Кофман Азаттыққа берген сұхбатында осы және өзге сұрақтарға жауап берді.
Ресейдің Украинаға басқыншылығынан бейбіт тұрғындардың өлімі көбейген тұста Батыс шенеуніктері Пекинді Мәскеудің дипломатиялық шешім қабылдауына ықпал етуге шақырды. Мұның әсері бола ма?
Украина Ресейді халықаралық сотқа беріп, қиын жолға түсті, дейді Еуропалық халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің аға ғылыми қызметкері, әскери қылмыстар мен халықаралық құқық сарапшысы Энтони Дворкин.
Азаттық Берлиндегі Герман Маршалл қорының қызметкері Йорг Форбригтен сұхбат алды. Ол Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату және олигархтарға салынған санкциялар жайлы айтып, кейінгі қабылданған шаралар неліктен "ауыр соққы" болатынын түсіндірді.
Қытай президенті Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсті. Қос мемлекет арасындағы құбылмалы қарым-қатынастың астарында не жатыр?
Украина шекарасында Ресей әскері көбейді. Қытай бұл жағдайды АҚШ билігін айыптап, Мәскеумен байланысын нығайта түсуге пайдаланғысы келеді дейді сарапшылар.
Орталық Азия Пекин мен Мәскеу арасындағы бәсеке аймағы саналады. Бірақ Қазақстандағы оқиға оларды жақындастыра түскендей.
Постсоветтік елдердің басшылары Қазақстандағы наразылық пен зорлық-зомбылыққа қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) әскери көмек сұрау арқылы режимді сақтап қалу жөніндегі күрестің жаңа парағын ашты.
Сарапшылар 2022 жылы Қытай тарихындағы негізгі кезеңдердің бірі басталады дейді. Си Цзиньпин президент өкілетінің шекті мерзімін жойып, бір адамның билігін орнатуға ұмтылатынын болжап жатқандар бар. Азаттық алдағы жылы Қытайдың Еуразияға ықпалын арттыруға әсер ететін жағдайларға шолу жасап көрді.
Экологиялық таза технологиялар саласындағы жетістіктер, жартылай өткізгіштер тапшылығы және метағалам. Оқырман назарына 2022 жылы әлемде өзекті болатын бес технологиялық тенденцияны ұсынамыз.
Тағы