Төрт күн бұрынғы жойқын зілзаладан мыңдаған адам зардап шеккен Ауғанстанның таулы өлкесінде еріктілер қабір қазып, үйінді астынан шығарылған мәйіттерді жерлеп жатыр. Құрбандар саны әлі де нақты емес. Ал Ресей Украинаның астық экспортталатын маңызды аймақтарына тағы да шабуылдады. Адам шығыны жоқ,
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы Қалбатау –Майқапшағай тасжолы алты жылдан бері жөнделіп жатыр. Азаттық "жобадан 21 миллиард теңге жымқырған" деп атышулы болған мердігер компанияның қожайындары кім екенін анықтап көрді. Құзырлы органдар қаржы жымқыруға негізгі кінәлі кім екенін айтпай отыр.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшылары С5+1 форматында Германия канцлерімен, президентімен кездесті. Кездесу өтіп жатқанда Берлинде осы елдердің белсенділері жиналып, наразылық акциясын ұйымдастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болған соң мемлекеттік мекемелер оның портретін сатып алуды бастаған. Қаңтар оқиғасы болған 2022 жылдан бері тендер саны арта түскені байқалады. Кейбір мекемелер портретті мемлекеттік рәміздерге бөлінетін қаржыға қосып есептейді.
25 қыркүйек түнде Таулы Қарабақтан қашқандар кезекте тұрған жанармай бекеті жарылып, 20 адам көз жұмған. Екі жүзге жуық адам жараланғаны хабарланды. Ауруханаға түскендердің кейбірі ауыр халде жатыр. Батыс елдері Әзербайжанды армяндардың қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
Таулы Қарабақтан босқан армяндардың алғашқы легі Арменияға өтті. Шекарадан асқандар жүздеп саналады. Ал Ресей онсыз да астық тасымалы қиындаған Украинаның теңізге жақын қаласын атқылады. Мәскеу әуежайларында дрон шабуылына байланысты рейстер кешікті.
Әзірбайжан Таулы Қарабақтағы әскери операциясын тоқтатты. Олар армян әскерін қарусыздандыру туралы мақсатына қол жеткізгенін, аймақты өзіне алатынын мәлімдеді. Ондағы армяндардың ендігі тағдыры 21 қыркүйекте өтетін келіссөзде шешіледі.
Украина қарушы күштері Донецк облысындағы негізгі елдімекендерді азат етіп жатқанын хабарлады. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Ресейге жасаған бір апталық іссапары аяқталды. Қырғызстанның ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиев Тәжікстанға ескерту айтты.
Ұлты қазақ ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиев пен әріптестері Ресей басып алған Донбасс аймағында концертке қатысқан. Олар Донбасста соғысты қолдайтын ән шырқаған. Осыдан кейін Мұсағалиев бастаған ресейлік әзілкештердің Қазақстандағы концертіне бойкот жариялағандар көбейді.
Тәжікстан мен Австрияда нөсер жауын соңы селге ұласты. Украина шығысында атыс күшейді. Қаза тапқан бейбіт халық саны өсіп барады.
Жапония 2011 жылы жарылыс болған “Фукусима” атом электр станциясындағы өңделген радиоактивті суды Тынық мұхитына төге бастады. Бұл әрекетті қай ел құптады, қай ел наразы болып жатыр? БРИКС ұйымына мүше мемлекеттер саны артты. Елдер бұл бірлестікке неге қызығады?
World news
Қазақстанның таулы аймақтарында сирек кездесетін кәсіп түрі — марал шаруашылығы дамыған. Шаруалар бұғы мүйізін бизнеске айналдырған. Олар жануардың мүйізін кесіп, қанын ішеді, мүйізді қайнатып, оның суы қосылған ваннаға шомылады, кептірген соң дәрі-дәрмек әзірлейді.
Ukraine
Ресей 7 тамыз таңертең және кешкісін Украинаның Покровск қаласына шабуыл жасады. Бір күн бұрын Херсон қаласына да зымыран тастаған. Шабуылдан қаза тапқан және жараланғандардың көбі қарапайым халық.
Шығыс Қазақстан облысы Боран ауылының халқы жаз бойы қалың киініп, бетін тормен тұмшалап жүреді. Жергілікті билік масаны улауға жыл сайын миллиондаған қаржы бөледі. Азаттық кейінгі 4 жылда дезинсекция тендерін бір компания алып келе жатқанын, оның иесі өңірдегі ықпалды адамның туысы екенін анықтады.
19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының халқы мен ауыл маңында алтын өндіретін фабрика салғалы жатқан компания қызметкерлері қақтығысып қалды. Тұрғындар фабрикаға қарсылық білдіріп, жұмысшыларын алып кетуді талап еткен.
Тағы